Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын және басқа пайдаланушы деректерін өңдеуге келісесіз құпиялылық саясаты.

Shymbulak
Resort Hotel and Spa

БИІКТАУДАҒЫ КУРОРТ ҚОНАҚ ҮЙІНДЕГІ ҰМЫТЫЛМАС ӘСЕРЛЕР

Жайлы нөмірлер

Біз сіздің курортта болған кезде қолайлы орналасуыңыз үшін жайлы әрі жарық нөмірлерді ұсынамыз.

Хостел

4 және 6 ұйықтайтын орындарға есептелген, ортақ жайлы тұрғын бөлмелер. Тұру үшін төлем ұйықтайтын орындарға сай жүргізіледі.

Shymbulak Resort Hotel

Шымбұлақ биіктау курортындағы қонақ үй ((Shymbulak Ski Resort немесе орысша – Чимбулак). Алматы қаласы орталығынан 25 шақырымда, теңіз деңгейінен 2260 метр биіктікте, Іле-Алатау ұлттық саябағының Іле Алатау шатқалында орналасқан. Shymbulak Resort Hotel – «Медеу-Шымбұлақ» гондолды  жолы  мен Combi1 арқан-креслолы – көтергіштерінен 100 метр қашықтықта жайғасқан.  «Ski In/Ski out» жүйесі арқасында, тау шаңғы жолдары қонақ үйден бірнеше метр жерде ғана болғандықтан, қонақтар Shymbulak Ski Resort инфрақұрылымын қолайлы қолдана алады.

Біз Сіздерге мынадай қызметтерді қуана ұсынамыз

Қонақ үйдің барлық аймағында WI-FI тегін
Әр нөмірде спутникалық теледидар
Жабдықтарды сақтау қоймасы
Ски-депо – бәтеңкелерді құрғатуға арналған арнайы аппарат орналасқан бөлмеқұрылғылары бар бөлме
- 50 қонаққа арналған конференц-залы (экран, проектор, дыбыстық жүйе)
Фин моншасы
Жазғы алаңдағы жылытылатын бассейн
Таңғы ас тұру бағасы құнына кіреді

Мейрамхана

Shymbulak Resort Hotel қонақ үйінің  «Сарай-Бар»  мейрамханасы азиялық-еуропалық асханалардың әр түрлі тағамдарын ұсынады. Олардың ассортименті мен дәмі ең талапты гурманның да көңілінен шығады. Мұнда Сіз отта, үлкен қазанда дайындалған нағыз Өзбек палауы мен қой, шошқа еттері және үйректің көкірек етінен даярланған кәуап дәмдерін татуыңызға болады.  Балғын тау ауасы мен «Шымбұлақ» курортының таңғажайып пейзаждары және «Сарай-Бардағы» кәуаптың тамаша үйлесуі – нағыз гастрономиялық оқиға болып табылады.

Курортта демалуға арналған,  жағымды ахуал  тудыратын жайлы, үй мейрамханасы.  Іштегі зал қабырғалары  жұмсақ түсті ақ-жасыл реңде қиылған білеулермен безендіріліп, өткен Кеңес дәуіріндегі алуан-түрлі элементтермен көркемделген.  Кез келген сарайдағы  тәрізді, мұнда да ескі, сирек кездесетін  заттар жинақталған.

Мұнда таудағы белсенді саяхаттан немесе  қарлы соқпақтарда сырғанаудан кейін достармен отырып демалу өте жайлы. Ыстық глинтвейн немесе градусы жоғары басқа да сусынды ішуге болады.  Үнемі жанып тұратын мангалдың арқасында кәуаптың қайталанбас дәмін татуға болады,  оны Сізге 20-25 минут шамасында ұсынады.

Мейрамхана мәзірі Жолақ мәзірі

Курорт

Shymbulak Ski Resort  жыл бойы жұмыс істейді. Кеңестік тау шаңғышыларын жаттықтыру базасы ретінде 1954 жылы негізі қаланған.

Қазіргі уақытта Shymbulak Ski Resort – 7 көтергіштері, ұзындығы 20 шақырымдық тау шаңғысы жолы бар, оның жартысы «қар ататын зеңбіректермен» жабдықталған  заманауи тау шаңғысы курорты.

Қонақтар қаладан курортқа дейін ұзындығы бойынша (4,5 шақырым) әлемде үшінші орын алатын, арқан жолы арқылы көтеріле алады.

Орташа температура: жазда +20С, қыста -7С.

Shymbulak Ski Resort-та тау шаңғысы маусымы қарашадан сәуірге дейін созылады.

Қар жамылғысының орташа қалыңдығы: 1,5 метрге дейін, жыл бойындағы ашық күндер саны – 300-ден жоғары!

Shymbulak Ski Resort  көтергіштері  теңіз деңгейінен 2260 м жоғарыда орналасқан курорттың төменгі нүктесіне,  3163 м биіктіктегі Талғар асуындағы ең жоғарғы нүктесіне дейін 30 минутта көтерілуге мүмкіндік береді.

Курорттағы барлық қысқы іс-шаралар

Visit Center Gorelnik

Заманауи VISIT CENTER GORELNIK – бұл әркімнің өзіне тән, бір нәрсені таба алатын жер.
Мұнда адамдар таңертең ерте таңғы ас ішу, жаттығулар жасау, тау бұлағында жүзу немесе тау табиғатын тамашалау үшін жиі компаниямен немесе жалғыз келеді
.

Алғыс айтушылардың пікірлері

Нөмірді брондау

20 адамнан жоғары топты орналастыру

Біздің қонақ үй туристердің үлкен тобын әртүрлі кластағы  нөмірлерде жайлы орналастыруға мүмкіндік береді.Топпен орналасуға  брондау үшін біздің брондау бөлімінің менеджеріне хабарласыңыз.

 

Топпен брондау менеджері +7 701 277 44 77 Whatsapp Telegram sales.shymbulakhotel@gmail.com

Конференц-зал

Біз Сіздерге презентациялар, конференциялар, шеберлік сабақтарын, тренингтер мен семинарлар  өткізу үшін  50 орындық  Конференц-залын  ұсынуға қуаныштымыз.

Бөлме барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған: экран мен проектор, ноутбук пен лазерлік таяқшасы бар презентор, магнитті-маркерлі тақта, аудиожүйе.

Тәулігіне залдың бағасы –  100.000 тг.

Сіздің сұранысыңыз бойынша Shymbulak Resort Hotel-дің сату бөлімі шоу-бағдарлама мен курортта демалуды топпен тамақтанумен ауыстыруға шұғыл түрде ұсыныс береді (кофе-брейктер, түскі ас, кешкі ас, мерекелік кешкі ас).

Конференц-залды брондау +7 701 277 44 77

Қалай жетуге болады?

Қоғамдық көлікпен

1.12-ші автобуспен «Медеу арқан жолы» аялдамасына дейін. Ары қарай «Медеу-Шымбұлақ» аспалы гондолды жолымен

2. 12-ші автобуспен «Медеу спорт кешені» аялдамасына дейін. Ары қарай рейсті  ECO-BUS шаттлбасымен, Blue Sky  экологиялық таксиімен.

Таксимен немесе жеке автокөлікпен

Алматының халықаралық әуежайынан жол жүру уақыты: 50 минут
Алматы орталығынан жол жүру уақыты: 30 минут.

2016 жылдың ақпан айынан бастап, экологияны қорғау мақсатында курортқа жеке автокөліктердің және іштен жанатын қозғалтқыштары бар таксилердің  кіруіне тыйым салынған. Сіз өз автокөлігіңізді Медеу спорт кешені  жанына қойып, қонақ үйге рейсті  ECO-BUS рейсті шаттлбаспен жетуіңізге болады

Посмотреть на карте Алматы

Мекен-жайы

Алматы, Медеу ауданы,

Керей-Жанибек Хандар көшесі, 640

2GIS жүйесінде ашуЯндекс.Карталарда ашу

SkyBlue такси қызметі

+7 701 671 4165

Бізбен байланысыңыз

Бізге хабарлама жіберіңіз, біз Сізбен 30 минут ішінде хабарласамыз

    Байланыс деректерi

    Корпоративтік сату бөлімі
    Дс-Жм (9:00-17:30)
    +7 701 277-44-77 Whatsapp Telegram sales.shymbulakhotel@gmail.com
    Жарнама және маркетинг бөлімі
    Дс-Жм (9:00-17:30)
    +7 778 478 46 78 Whatsapp Telegram marketing.shymbulakhotel@gmail.com