Top.Mail.Ru
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын және басқа пайдаланушы деректерін өңдеуге келісесіз құпиялылық саясаты.

Shymbulak Resort Hotel-де қызмет көрсетудің жалпы шарттары. Броннан бас тарту немесе ерте кетуге қатысты тарифтер, есептеу саясаты мен төлемдерді қайтару (Оферта)

 

Алдын-ала төлеу мен осы ережелерді сақтау жауапкершілігі Shymbulak Resort Hotel нөмірлеріне орналасудың міндетті шарты болып табылады. Shymbulak Resort Hotel-інде нөмірді(лерді) брондау осы ережелердің ешбір ерекшеліксіз немесе ескертпесіз орындалуына қабылданғанын растау болып табылады.

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ережелер Shymbulak Resort Hotel нөмірлеріне қонақтарды орналастыру шарттарын белгілейді. Қонақтар топтарын орналастыруды көздейтін жеке шарт жасалған жағдайда, осы ережелер  осындай шартқа қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

1.2. Осы Ереже азаматтығына және тұру ұзақтығына қарамастан Shymbulak Resort Hotel-дің барлық қонақтарына, ал қонақтардың  әрекеттері (әрекетсіздіктері) үшін төлем мен материалдық жауапкершілік бөлігінде – ұйымдастыру нысанына және меншік түріне қарамастан,  нөмірлерді брондатқан басқа да тұлғаларға қолданылады.

  1. Shymbulak Resort Hotel-де нөмірлерді брондау.

2.1. Booking.com арқылы брондауан басқа, Shymbulak Resort Hotel-дегі нөмірде  алғашқы тәулікте тұру құнының кемінде 100%  (жүз пайызы) мөлшерінде сома төлеген жағдайда ғана нөмірлерді брондауға болады. Брондау ақысы  нөмірге қонақты кіргізген кездегі бірінші  түндегі тұру құнына есептелінеді.

2.2. Бронды төлеу келесі тәсілдердің біреуімен жүзеге асырылады:

2.2.1. https://shymbulakhotel.kz/?page_id=308&lang=kk сайтында картамен;

2.2.2. Shymbulak Resort Hotel-дің төлеуге ұсынған  есепшоты негізінде банктік аударыммен;

2.2.3. Shymbulak Resort Hotel  кассасына қолма-қол ақша салу немесе ресепшндегі терминалды қолдану арқылы.

2.3. Брондауды күшін жою, қоныстануға дейінгі күндер санына қарамастан, бір (1) түннің құны мөлшерінде айыппұл салуға жатады.

2.4. Осы Ереженің 2.3. тармағын есепке ала отырып, броннан бас тартқан кезде ақшаны қайтару мына негіздерге сай жүргізіледі:

2.4.1. https://shymbulakhotel.kz/?page_id=308&lang=kk сайты арқылы (сайттың төменгі бөлігінде орналасқан  «Төлеу мен қайтару тәсілдері» тарауы) Shymbulak Resort Hotel әкімшілігінің броннан бас тарту туралы алған хаты, сонымен қатар

2.4.2. бронның төленгенін дәлелдейтін құжаттың суреті, сондай-ақ

2.4.3. жеке тұлғаны растайтын құжаттың (жеке тұлғалар үшін) суреті.

Ақшаны қайтару қонақтың броннан бас тарту туралы хатында көрсеткен банктік шотына қолма-қол ақшасыз нысанда 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

  1. Shymbulak Resort Hotel-де тұру ақысы.

3.1. Shymbulak Resort Hotel-де тұру ақысы қонақтың тіркелу уақытынан кешіктірілмей толық көлемде алынады. Нөмірлер үшін ақының түспеуіне байланысты нөмірге(лерге) кіруден бас тартқан жағдайда,  Shymbulak Resort Hotel қандай да бір шығындар үшін жауап бермейді және оларды  өтеуден босатылады.

3.2. Shymbulak Resort Hotel қонақ үйіндегі стандартты тұру бағалары 2024 жылғы 1 қарашадан бастап:

Нөмір санаты Түнгі базалық тариф (KZT) Үш тәуліктен бастап брондағанда

түнгі базалық тариф (KZT)

Жаңа жыл 31 желтоқсан – 2 қаңтар (KZT) Бір тәулік (3 тәуліктен бастап брондағанда) келесі кезеңдерде:

2–10 қаңтар,

12–16 желтоқсан (KZT)

Бір тәулік: 2–10 қаңтар, 12–16 желтоқсан (KZT)
Стандарт 47 000 47 000 180 000 57 000 57 000
Стандарт + 57 000 57 000 225 000 73 000 73 000
Жартылай люкс 66 000 63 000 250 000 78 000 83 000
Жартылай люкс+ 83 000 78 000 310 000 110 000 120 000
Отбасылық жартылай люкс 105 000 95 000 380 000 115 000 125 000
Отбасылық стандарт+ 113 000 98 000 410 000 130 000 145 000
Отбасылық + 118 000 100 000 410 000 130 000 150 000
Люкс + 160 000 135 000 530 000 170 000 190 000
Супер люкс 270 000 225 000 900 000 280 000 290 000
Хостел 18 000 18 000 70 000 20 000 23 000

* Жартылай люкс, Жартылай люкс+, Отбасылық жартылай люкс, Люкс+ және Суперлюкс санатындағы нөмірлерде 14 жастан аспаған балаға арналған 1 (бір) қосымша төсек орнатуға болады, қосымша ақысы тәулігіне 10 000 теңге (таңғы ас құнына кірмейді)

3.3. Shymbulak Resort Hotel әкімшілігінің жеке қарауы бойынша 3.2. тармақта көрсетілген бағалар өзгеруі мүмкін. Алайда өзгертілген бағалар баға өзгергенге дейін осы ережелерге сәйкес брондалған нөмірлерге қолданылмайды.

3.4. Есептеу сағаты:

  • Кіру – 14.00-де:
  • Шығу – 12.00-де.

3.5. Ерте кіру мен кеш шығуға алдын-ала брондаған кезде және нөмір құнының ең кем дегенде 50% (елу пайызы) көлемінде төленген жағдайда рұқсат етіледі. Сағат 12:00-ден бастап 18:00-ге дейін шығу –  кеш шығу деп есептелінеді.  Shymbulak Resort Hotel әкімшілігінің жеке қарауы бойынша ерте кіру және\немесе кеш шығу алдын-ала брондаусыз да жүргізілуі мүмкін.

3.6. Мына жағдайларда Shymbulak Resort Hotel нөмірін ерте қайтаруға болады:  Shymbulak Resort Hotel-де ең кем дегенде бір түн бойы нақты тұрған болса, Shymbulak Resort Hotel-де күтілетін нөмірді мерзімінен бұрын қайтаруға кемінде 24 (жиырма төрт) сағат қалғанда Shymbulak Resort Hotel нөмірін ерте қайтару туралы ескерткен болса.

Егер нөмірді қайтару 12:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылатын болса, онда нөмір құнын есептеу осы ереженің 3.5. тармағына сай жүргізіледі.

3.7. Осы ереженің 3.6. тармағын есепке ала отырып, нөмірді ерте қайтарған жағдайда, Shymbulak Resort Hotel-де көрсетілмеген қызметтер құны мына негіздер бойынша жүзеге асырылады:

3.7.1. https://shymbulakhotel.kz/?page_id=308&lang=kk сайты арқылы (сайттың төменгі бөлігінде орналасқан  «Төлеу мен қайтару тәсілдері» тарауы)  ақшаны қайтару үшін банктік деректемелерді көрсете отырып, броннан бас тарту туралы  хат, сонымен қатар

3.7.2. бронның төленгенін дәлелдейтін құжаттың суреті, сондай-ақ

3.7.3. жеке тұлғаны растайтын құжаттың (жеке тұлғалар үшін) суреті.

Ақшаны қайтару қонақтың броннан бас тарту туралы хатында көрсеткен банктік шотына қолма-қол ақшасыз нысанда 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

  1. Shymbulak Resort Hotel-де тұру ережелері

4.1. Shymbulak Resort Hotel нөмірлеріне орналастыру тұлғаны дәлелдейтін құжаттарды: паспортты, жеке куәлікті, туу туралы куәлікті ұсыну негізінде жүзеге асырылады. Әкімшілік шетел азаматтарынан Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген құжаттарды, олардың виза мен көші-қон карталарын ұсынуларын талап етуге құқысы бар.

4.2. Әкімшілік Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда, Shymbulak Resort Hotel қонақтарының жеке мәліметтерін қолдануға құқысы бар. Осы мақсаттар үшін  Shymbulak Resort Hotel әкімшілігі өздерінің заңды өкілеттіліктері шеңберінде әрекет ететін мемлекеттік органдар өкілдерін қоспағанда, жеке тұлғаны дәлелдейтін құжаттардың көшірмесін үшінші тұлғаларға жария етпеуді қамтамасыз ете отырып, оларды сақтауға құқысы бар.

4.3. Нөмірді жинау қонақтың сұрауы бойынша үш күнде бір рет жүргізіледі.

4.4. Мейрамхана қызметтерін төлеу мейрамхана кассасында жүзеге асырылады.

4.5. Қонақтар Shymbulak Resort Hotel жабдықтарына, мүлкіне ұқыпты қарауы, санитарлық нормалар мен қоғамдық тәртіпті сақтаулары керек.

4.6. Жеке қауіпсіздік  пен мүліктерді сақтау мақсатында Shymbulak Resort Hotel қонақтары:

— Нөмірден шығар алдында электр құралдарын (тоңазытқыштан басқа) өшіріп, сантехникалық құралдардың бұрандаларын, терезелер мен нөмір есігін жабулары керек;

— Өрт қауіпсіздігі  ережелерін сақтаулары керек.

4.7. Қонақтардың жайлылығын, тәртібін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Shymbulak Resort Hotel-де ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

— 23:00-ден 08:00-ге дейін тыныштық режімін бұзуға;

— Shymbulak Resort Hotel-де тұратын басқа да тұлғалардың тыныштығын бұзуға, ыңғайсыздық тудыруға;

— кәмелетке толмағандарды қараусыз бассейн аймағында немесе моншада қалдыруға;

— моншадағы бу пеші тастарына су құюға;

— моншаның бу бөлмесінде сусындар мен тамақты қолдануға;

— Shymbulak Resort Hotel әкімшілігін ескертпей, Shymbulak Resort Hotel нөміріне бөтен адамдарды шақыруға, оларды өзі болмаған жағдайда, нөмірде қалдыруға;

— бөтен адамдарға нөмірдің кілтін беруге;

—  нөмірде жабдықтарды (шаңғыларды, сноубордтарды), тез жанғыш, жарылғыш, улы, есірткі, сондай-ақ қатты иісті заттары мен материалдарын (соның ішінде дәмдеуіштерді) сақтауға және/немесе пайдалану;

— Shymbulak Resort Hotel нөмірлерінде, залдары мен дәліздерінде темекі шегуге;

— Shymbulak Resort Hotel әкімшілігі бергеннен  басқа жылыту құрылғыларын пайдалануға;

— Shymbulak Resort Hotel-де жануарлар мен құстарды ұстауға.

4.8. Қонақ Shymbulak Resort Hotel нөмірін қайтарған кезде нөмірдің кілтін қайтарып беруге, қосымша қызметтерді төлеуге, Shymbulak Resort Hotel мүлкіне келтірген (бар болса)залалды өтеуге міндетті.

4.9. Shymbulak Resort Hotel әкімшілігі Shymbulak Resort Hotel деліздері мен залдарында бейнебақылау жүргізуге, мұндай бейнежазбаларды сақтауға, сонымен қатар оларды тәртіпті сақтау мақсаттары үшін қолдануға және\немесе өздерінің заңды өкілеттіліктері шеңберінде әрекет ететін мемлекеттік органдар өкілдеріне ұсынуға құқысы бар.

4.10. Шаңғыларды, сноубордтар мен бәтеңкелерді Shymbulak Resort Hotel нөмірлерінде сақтауға тыйым салынады. Бұл мүліктерді сақтау Shymbulak Resort Hotel-інің басқа да қонақтарымен бірге 1-ші қабаттағы бөлмелерде (лобби аймағында) жүзеге асырылады. Шаңғылар мен сноубордтарға арналған бәтеңкелер кептіргіштермен жабдықталған бөлмеде сақталуы керек. Әкімшілік бұл бөлмелерге тек Shymbulak Resort Hotel қонақтарына ғана қолжетімділікті қамтамасыз етеді, бірақ та Shymbulak Resort Hotel-інің басқа да қонақтарының әрекеттеріне байланысты мұнда сақталған  мүліктердің жоғалғаны немесе бүлінгені үшін жауап бермейді.

  1. Жауапкершілік

5.1. Осы ережелерді сақтау үшін жауапкершілік Shymbulak Resort Hotel-дің әрбір қонағына, Shymbulak Resort Hotel қонақтары шақырған басқа да тұлғаларға жүктеледі. Shymbulak Resort Hotel мүлкіне келтірілген залалдар:

5.1.1. тікелей осындай зиянды келтірген Shymbulak Resort Hotel қонағымен;

5.1.2. Shymbulak Resort Hotel қонағының шақыруымен Shymbulak Resort Hotel-ге келген тұлғаның келтірген зиянын  Shymbulak Resort Hotel қонағы;

5.1.3. Shymbulak Resort Hotel қонағынан келтірген залалды өтеу мүмкін болмаса, брондау және\немесе  нөмірді төлеуді жүзеге асырған тұлғамен жүзеге асырылады.

5.2. Shymbulak Resort Hotel әкімшілігі Shymbulak Resort Hotel қонақтарынан осы ережелерді бұзғандары үшін мынадай айыппұлдарды салуға құқылы:

5.2.1. нөмірдің кілтін жоғалтқаны үшін – 2 000 (екі мың) теңге;

5.2.2. өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп нормаларын бұзғаны үшін – 50 000 (елу мың) теңге;

5.2.3. осы ережелерді бұзғаны үшін – 10 000 (он мың)  теңге.

5.3. Shymbulak Resort Hotel қалалық коммуникациялардың (жарық, су, жылу және т.б.) жұмысына жауап бермейді және қалалық коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жұмысына байланысты келтірілген зиянды өтемейді.

5.4. Shymbulak Resort Hotel-і Shymbulak Resort Hotel-інің қонағы осы ережелерді бірнеше рет немесе өрескел бұзған жағдайда оған қызмет көрсетуден бас тартуға және бөлмеден шығаруды талап етуге құқылы. Осы  ретте Shymbulak Resort Hotel әкімшілігі нөмірге төлем сомасынан нақты көрсетілген қызметтердің құнын, сондай-ақ осы ережелерде көзделген қолданыстағы айыппұлдарды ұстап қалуға құқылы.

5.5. Егер ырық бермейтін күштердің салдарынан, атап айтқанда: өрттің, ереуілдің, уәкілетті органдардың актілері, оның ішінде Shymbulak Resort Hotel-і әрекеті санитарлық-эпидемиологиялық, өрт және осындай әрекеттерге уәкілетті қызмет органдарымен  уақытша тоқтатылған жағдайда, су тасқыны, жер сілкінісі, соғыстар мен ұрыс қимылдарына, сондай-ақ  Shymbulak Resort Hotel-і алдын-ала көре алмайтын және ақылға қонымды күштермен алдын алуға болмайтын,  бұл мән-жайлар Shymbulak Resort Hotel-інің өз міндеттемелерін орындауына тікелей  әсер еткен болса, Shymbulak Resort Hotel-і міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

5.6.  Осы ереженің  қандай да бір қағидаларына қарамастан, шаңғы маусымының жабылуына және/немесе аспалы жол жұмысының тоқтауына байланысты қонақтың Shymbulak Resort Hotel-іне келмеуі – Shymbulak Resort Hotel-інің қонағын осы ережеде белгіленген тәртіппен нөмірді төлеу міндетінен босатпайды.

5.7. Осы ережемен реттелмеген басқа да құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.