Top.Mail.Ru
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз cookie файлдарын және басқа пайдаланушы деректерін өңдеуге келісесіз құпиялылық саясаты.

Дербес деректердің құпиялылық саясаты

Осы дербес деректердің құпиялылық саясаты (бұдан әрі – құпиялылық Саясаты) Пайдаланушының (төменде анықталғандай) қолдануы нәтижесінде, Сайтты (төменде анықталғандай) қолданғаны нәтижесінде Әкімшіліктің (төменде анықталғандай) алған барлық ақпараттарына қатысты қолданылады.

1. Терминдердің анықтамасы

1.1. Осы құпиялылық саясатында мынадай терминдер қолданылады:
1.1.1. «Әкімшілік» – «Тау жол Шымбұлақ» ЖШС атынан Сайтты басқаратын, дербес мәліметтерді өңдеуді ұйымдастырып және (немесе) жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың құрамын, оларды өңдеу және олармен әрекеттер (операциялар) мақсаттарын анықтайтын тұлғалар;
1.1.2. «Дербес деректер» – нақты немесе анықталатын жеке тұлғаға (жеке мәліметтер субъектісіне) тікелей немесе жанама қатысты кез келген ақпарат;
1.1.3. «Дербес деректерді өңдеу»  – жеке мәліметтерді жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қол жетімді), иеліктен шығару, блоктау, жоюды қоса алғанда, автоматтандыру құралдарын қолдану немесе мұндай құралдарды қолданбай-ақ  жеке мәліметтермен жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы;
1.1.4. «Сайт»  – бұл бірегей  мекенжай бойынша (URL): shymbulakhotel.kz Интернет желісінде, сондай-ақ оның қосалқы домендерінде орналастырылған, өзара бір-бірімен байланысқан веб-беттерінің жиынтығы;
1.1.5. «Қосалқы домендер»  – Сайтқа тиесілі, үшінші деңгейдегі домендерде орналасқан бет немесе беттер жиынтығы, сонымен қатар Әкімшіліктің байланыс ақпараттары төменгі жағында көрсетілген басқа да уақытша беттер;
1.1.6. «Пайдаланушы» – Сайтқа кіру мүмкіндігі бар және Сайттың ақпаратын, материалдарын және өнімдерін жеке мақсаттарда пайдаланатын тұлға;
1.1.7. «Cookies»  – Пайдаланушыны аутентификациялау мақсатында, Пайдаланушының жеке қалаулары мен қолдануды орнатуды сақтау және ұқсас мақсаттар  үшін Пайдаланушының  компьютерінде сақталған деректердің шағын бөлігі;
1.1.8. «IP-мекенжай»  – Пайдаланушы Сайтқа кіретін компьютерлік желідегі түйіннің бірегей желілік мекенжайы.

2. Жалпы ережелер

2.2. Бұл құпиялылық Саясаты Сайтқа қатысты қолданылады. Сайтта орналасқан сілтемелер арқылы Пайдаланушының үшінші тұлғалардың сайттарына өтуін Әкімшілік бақыламайды және ол үшін жауап бермейді.
2.3. Әкімшілік Пайдаланушының ұсынған дербес мәліметтерінің дұрыстығын және өзектілігін тексермейді.

3. Құпиялылық саясатының пәні

3.1. Осы құпиялылық Саясаты Әкімшіліктің Сайт арқылы алған Пайдаланушының Дербес мәліметтерін сақтау режімін қамтамасыз етуге арналған Әкімшіліктің жауапкершілігі шеңберін, құқықтары мен міндеттемелерін анықтайды.
3.2. Дербес мәліметтер мынадай ақпараттардан тұрады:
3.2.1. Пайдаланушының Сайттағы форманы толтыруы арқылы, сонымен бірге:

— аты-жөні, тегі;
— байланыс телефоны;
— электрондық пошта мекенжайы (e-mail);
— тұлғаны куәландыратын құжаттар;
— банк шоты деректемелері (ақшаны қайтару туралы өтініш берілген жағдайда).

3.2.2. Пайдаланушының Сайтқа кіргені кезінде автоматты түрде техникалық құралдармен берілген және Пайдаланушыны аутентификациялау мақсатында қолданылатын техникалық мәселелердің алдын-алу, анықтау мен шешу үшін:

—  IP-мекенжай;
— cookies-тен ақпараттар;
— браузер туралы ақпарат;
— қол жеткізу уақыты;
— реферер (алдыңғы бет мекенжайы).

3.3. Егер Пайдаланушы cookies-ті қабылдамаса немесе өшірген болса, онда ол Сайттың кейбір бөліктеріне кіру шектеулі болатындығымен келіседі.

4. Пайдаланушының жеке ақпараттарын жинау мақсаттары

4.1. Әкімшілік Дербес деректерді мына мақсаттарға сай қолдануға құқығы бар:
4.1.1. Сайтта тіркелген Пайдаланушыны сәйкестендіру, оны одан әрі авторизациялау, тапсырыс беру және басқа да әрекеттер үшін;
4.1.2. Пайдаланушыға жекелендірілген Сайт деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
4.1.3. Пайдаланушымен кері байланыс орнату, соның ішінде Сайтты пайдалануға қатысты хабарламаларды, сұрауларды жіберу, қызметтерді көрсету және Пайдаланушыдан түскен сұраныстар мен өтінімдерді өңдеу;
4.1.4. Пайдаланушы жасаған операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алаяқтықтың алдын-алу үшін Пайдаланушының орналасқан жерін анықтау;
4.1.5. Сайт бөліктерін қолдану үшін тіркеулік жазбаларды жүргізу;
4.1.6. Сайтта Пайдаланушының жасаған операциялары туралы электрондық пошта арқылы Пайдаланушыға хабарламалар жіберу;
4.1.7. Сайтты қолдануға қатысты мәселелер туындаған жағдайда, Пайдаланушыға тиімді техникалық қолдау көрсету;
4.1.8. Сайттың атынан Пайдаланушының келісімімен оған арнайы ұсыныстарды, бағалар туралы ақпараттарды, жаңалықтар жіберілімдері мен басқа да мәліметтерді ұсыну.

5. Дербес деректерді өңдеу тәсілдері мен мерзімдері

5.1. Пайдаланушының Дербес деректерін өңдеу мерзімсіз, кез келген заңды жолмен, соның ішінде автоматтандыру құралдарын қолданумен  дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде немесе мұндай құралдарды пайдаланбай жүзеге асырылады.
5.2. Әкімшілік Пайдаланушының Сайтта берген  тапсырыстарын орындау, соның ішінде құжаттарды немесе e-mail-хабарламаларын жеткізу мақсатында ғана, Пайдаланушының келісімімен оның Дербес деректерін үшінші тұлғаларға, атап айтқанда, курьерлік қызметтерге, пошта байланыстары ұйымдарына (соның ішінде электрондық) беруге құқысы бар.
5.3. Әкімшілік Пайдаланушының Дербес деректерін рұқсатсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың басқа да заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін ақылға қонымды ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.

6. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

6.1. Пайдаланушының құқықтары:
6.1.1. Осы құпиялылық Саясатының 3.3. тармағын есепке ала отырып, Сайтты қолдануға қажетті өзінің дербес деректерін ұсыну туралы шешімді еркін қабылдауға және дербес деректерін Өңдеуге өзінің келісімін беруге;
6.1.2. Дербес деректері өзгерген жағдайда, оларды жаңартуға, толықтыруға.
6.2. Әкімшілік міндетті:
6.2.1. Пайдаланушының Дербес деректерін тек осы құпиялылық Саясатының   т.4 көрсетілген мақсаттарға сай қолдануға;
6.2.2. Пайдаланушының Дербес деректерінің ақылға қонымды қорғалуын қамтамасыз етуге, сонымен қатар   құпиялылық Саясатының;
6.2.3. Пайдаланушының Дербес деректерін қорғау үшін әдетте осындай мәліметтерді қорғау үшін қолданылатын, ақылға қонымды сақтық шараларын қолдануға.

7. Тараптардың жауапкершілігі

7.1. Әкімшілік құпиялылық Саясатының т. 7.2.  көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушының Дербес деректерін заңсыз қолдануына байланысты Пайдаланушыға келтірген нақты зияны үшін жауап береді.
7.2. Пайдаланушының Дербес деректері  мынадай жағдайларда жария етілген болса, онда Әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды:
7.2.1. Әкімшіліктің осы құпиялылық Саясаты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты емес себептер бойынша;
7.2.2. Оларды Пайдаланушыдан алғанға дейін;
7.2.3. Пайдаланушының келісімімен немесе оның ұқыпсыздығынан;
7.2.4. Оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға беру мақсатында;
7.2.5. Құпиялы ақпаратты қорғаудың ақылға қонымды шараларымен алдын-алу мүмкін болмаған хакерлер шабуылдың нәтижесінде.
7.3. Сайтқа сілтеме берілген жағдайда, Сайтта жарияланған ақпаратты таратуға рұқсат етіледі.
7.4. Әкімшілік Пайдаланушы алдында Сайтта қамтылған немесе ол арқылы жіберілген Дербес деректердің жойылуы, бұзылуы немесе сақталуы мүмкін еместігі нәтижесінде Пайдаланушы шеккен кез келген зиян немесе залал үшін жауап бермейді.
7.5. Әкімшілік Сайтты пайдалану немесе пайдалана алмау немесе Сайтты пайдалану кезінде үшінші тұлғалардың Пайдаланушының коммуникацияларына рұқсатсыз кіру нәтижесінде туындаған тікелей немесе жанама шығындарға жауапты емес.

8. Дауларды шешу

8.1. Осы құпиялылық Саясатын қолдануға байланысты Пайдаланушы мен Әкімшілік арасындағы кез келген келіспеушіліктер бастамашы тараптың  дәлелдері келтірілген жазбаша хабарламасы негізінде Пайдаланушы мен Әкімшіліктің өзара келісімі бойынша шешілуі тиіс.
8.2. Егер дау  осы құпиялылық Саясатының 8.1. тармағына  сәйкес екінші тарап жазбаша хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде шешілмесе,  ол Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына берілуі мүмкін.
8.3. Осы құпиялылық Саясатына және Пайдаланушы мен Әкімшілік арасындағы қарым-қатынасқа Қазақстан Республикасының материалдық заңнамасы қолданылады.

9. Қосымша шарттар

9.1. Әкімшілік осы құпиялылық Саясатына Пайдаланушының келісімінсіз  және оны ескертпестен өзгертулер енгізуге құқылы.
9.2. Жаңа құпиялылық Саясаты, егер құпиялылық Саясатының жаңа басылымында өзгеше көзделмесе, ол Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
9.3. Осы құпиялылық Саясатына қатысты кез келген ұсыныстар немесе сұрақтар мына мекенжайға жіберіледі: info@shymbulakhotel.kz
9.4. Ағымдағы құпиялылық Саясаты мына мекенжай бетінде жарияланған: http://shymbulakhotel.kz/privacy-kz/

Алматы қ, «Тау жол Шымбұлақ» ЖШС, БСН 130740012699