Біз сіздің курортта болған кезде қолайлы орналасуыңыз үшін жайлы әрі жарық нөмірлерді ұсынамыз.
4 және 6 ұйықтайтын орындарға есептелген, ортақ жайлы тұрғын бөлмелер. Тұру үшін төлем ұйықтайтын орындарға сай жүргізіледі.
Shymbulak Resort Hotel
Шымбұлақ биіктау курортындағы қонақ үй ((Shymbulak Ski Resort немесе орысша – Чимбулак). Алматы қаласы орталығынан 25 шақырымда, теңіз деңгейінен 2260 метр биіктікте, Іле-Алатау ұлттық саябағының Іле Алатау шатқалында орналасқан. Shymbulak Resort Hotel – «Медеу-Шымбұлақ» гондолды жолы мен Combi1 арқан-креслолы – көтергіштерінен 100 метр қашықтықта жайғасқан. «Ski In/Ski out» жүйесі арқасында, тау шаңғы жолдары қонақ үйден бірнеше метр жерде ғана болғандықтан, қонақтар Shymbulak Ski Resort инфрақұрылымын қолайлы қолдана алады.
Shymbulak Resort Hotel қонақ үйінің «Сарай-Бар» мейрамханасы азиялық-еуропалық асханалардың әр түрлі тағамдарын ұсынады. Олардың ассортименті мен дәмі ең талапты гурманның да көңілінен шығады. Мұнда Сіз отта, үлкен қазанда дайындалған нағыз Өзбек палауы мен қой, шошқа еттері және үйректің көкірек етінен даярланған кәуап дәмдерін татуыңызға болады. Балғын тау ауасы мен «Шымбұлақ» курортының таңғажайып пейзаждары және «Сарай-Бардағы» кәуаптың тамаша үйлесуі – нағыз гастрономиялық оқиға болып табылады.
Курортта демалуға арналған, жағымды ахуал тудыратын жайлы, үй мейрамханасы. Іштегі зал қабырғалары жұмсақ түсті ақ-жасыл реңде қиылған білеулермен безендіріліп, өткен Кеңес дәуіріндегі алуан-түрлі элементтермен көркемделген. Кез келген сарайдағы тәрізді, мұнда да ескі, сирек кездесетін заттар жинақталған.
Мұнда таудағы белсенді саяхаттан немесе қарлы соқпақтарда сырғанаудан кейін достармен отырып демалу өте жайлы. Ыстық глинтвейн немесе градусы жоғары басқа да сусынды ішуге болады. Үнемі жанып тұратын мангалдың арқасында кәуаптың қайталанбас дәмін татуға болады, оны Сізге 20-25 минут шамасында ұсынады.
Мейрамхана мәзірі Бар мәзіріShymbulak Ski Resort жыл бойы жұмыс істейді. Кеңестік тау шаңғышыларын жаттықтыру базасы ретінде 1954 жылы негізі қаланған.
Қазіргі уақытта Shymbulak Ski Resort – 7 көтергіштері, ұзындығы 20 шақырымдық тау шаңғысы жолы бар, оның жартысы «қар ататын зеңбіректермен» жабдықталған заманауи тау шаңғысы курорты.
Қонақтар қаладан курортқа дейін ұзындығы бойынша (4,5 шақырым) әлемде үшінші орын алатын, арқан жолы арқылы көтеріле алады.
Орташа температура: жазда +20С, қыста -7С.
Shymbulak Ski Resort-та тау шаңғысы маусымы қарашадан сәуірге дейін созылады.
Қар жамылғысының орташа қалыңдығы: 1,5 метрге дейін, жыл бойындағы ашық күндер саны – 300-ден жоғары!
Shymbulak Ski Resort көтергіштері теңіз деңгейінен 2260 м жоғарыда орналасқан курорттың төменгі нүктесіне, 3163 м биіктіктегі Талғар асуындағы ең жоғарғы нүктесіне дейін 30 минутта көтерілуге мүмкіндік береді.
Заманауи VISIT CENTER GORELNIK – бұл әркімнің өзіне тән, бір нәрсені таба алатын жер.
Мұнда адамдар таңертең ерте таңғы ас ішу, жаттығулар жасау, тау бұлағында жүзу немесе тау табиғатын тамашалау үшін жиі компаниямен немесе жалғыз келеді
.
Біздің қонақ үй туристердің үлкен тобын әртүрлі кластағы нөмірлерде жайлы орналастыруға мүмкіндік береді.Топпен орналасуға брондау үшін біздің брондау бөлімінің менеджеріне хабарласыңыз.
Біз Сіздерге презентациялар, конференциялар, шеберлік сабақтарын, тренингтер мен семинарлар өткізу үшін 50 орындық Конференц-залын ұсынуға қуаныштымыз.
Бөлме барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған: экран мен проектор, ноутбук пен лазерлік таяқшасы бар презентор, магнитті-маркерлі тақта, аудиожүйе.
Тәулігіне залдың бағасы – 100.000 тг.
Сіздің сұранысыңыз бойынша Shymbulak Resort Hotel-дің сату бөлімі шоу-бағдарлама мен курортта демалуды топпен тамақтанумен ауыстыруға шұғыл түрде ұсыныс береді (кофе-брейктер, түскі ас, кешкі ас, мерекелік кешкі ас).
1.12-ші автобуспен «Медеу арқан жолы» аялдамасына дейін. Ары қарай «Медеу-Шымбұлақ» аспалы гондолды жолымен
2. 12-ші автобуспен «Медеу спорт кешені» аялдамасына дейін. Ары қарай рейсті ECO-BUS шаттлбасымен, Blue Sky экологиялық таксиімен.
«Медеу» бекетінен арқан жолы арқылы «Шымбұлақ» базалық бекетіне дейін көтерілу керек. Арқан жолының жұмысы мен билеттерді сатып алу туралы толық ақпаратты shymbulak.com сайтынан табуға болады.
«Шымбұлақ» тау курортының аумағына автокөліктердің кіруіне қойылған шектеулерге байланысты «Shymbulak Resort Hotel» қонақ үйіне 2023 жылдың желтоқсан айында келесі жолдармен жетуге болатынын ескертеміз:
1. Медеуден «Медеу-Шымбұлақ» арқан жолымен:
Сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі);
Сағат 9:00-ден 23:30-ға дейін (сейсенбі, бейсенбі, сенбі);
2. Электромобиль арқылы сағат 18:00-ден 9:00-ге дейін.
Назарларыңызға рақмет!
Мекен-жайы
Алматы, Медеу ауданы,
Керей-Жанибек Хандар көшесі, 640
2GIS жүйесінде ашуЯндекс.Карталарда ашу
Бізге хабарлама жіберіңіз, біз Сізбен 30 минут ішінде хабарласамыз